«30 күндік QINO жазылымы» акциясын өткізу ережесі

1.Акция атауы– «30 күндік Qino жазылымы» (әрі қарай – «Акция»).

2.Акцияның өту мерзімі – 2025 жылғы 17 наурыз, 00 сағат 00 минут 01 секундтан бастап (мұнда және әрі қарай – астана уақытымен) 2025 жылғы 25 мамыр, 23 сағат 59 минут 59 секундқа дейін (әрі қарай – «Акцияның өту кезеңі»). Ұйымдастырушы Акцияның өту кезеңін мерзімінен бұрын аяқтауға және/немесе ұзартуға құқылы.

3.Акцияны ұйымдастырушы – « https://AsiaContent.tv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БСН 200740010426.

4.Акцияның өтетін аймағы – Қазақстан Республикасы

5.Акцияның өту мақсаты – нарықта бұдан әрі дами түсу үшін, Ұйымдастырушының интерактивті теледидар қызметіне Қатысушылардың қызығушылықтарын арттыру және қолдау, тауарлық белгінің (брендтің) танымалдылығы мен оған деген адалдықты арттыру.

6.Акцияның шарттары: Акцияға Ұйымдастырушы сайтына тиісті сілтемемен кез-келген жарнамалық материал алған, Сайт немесе «QINO» қосымшасы арқылы Ұйымдастырушының интерактивті теледидар қызметін алғаш рет қосатын, Қазақстан Республикасы аумағында тұратын, 18 жасқа толған әрекетке қабілетті кез-келген тұлға қатыса алады. Акция Қатысушысына 30 (отыз) күнтізбелік күнге (әрі қарай – «Промо кезең мерзімі») тегін QINO жазылымы беріледі. Промо кезең мерзімі Қатысушы «QINO» сервисіне қолжетімділік алуға қажетті код-құпиясөзі бар смс-хабарлама алған сәттен бастап басталады және жартысынан тоқтатылмайды және қайта қалпына келтірілмейді. Бір Қатысушы Акцияға тек бір рет және Акцияның өту кезеңінде ғана қатыса алады. Қатысушы, Акцияға қатыса отырып, промо кезең мерзімі аяқталғаннан кейін, Қатысушының «QINO» тегін жазылымына қолжетімділігі ақылы негізде ұзартылатынын растайды: Қатысушының «QINO» жазылымына қолжетімділігі автоұзартылу сәтінде, қолданыстағы төлем әдісі арқылы автоматты түрде қосылады. Қажет болған жағдайда, Қатысушы «QINO» сервисінде қолжетімді телеканалдар және (немесе) онлайн-кинотеатрдың кез-келген пакетін Ұйымдастырушы бекіткен тарифтік жоспарға сәйкес, ақылы негізде қоса алады.

7.Акция Қатысушысының міндеттемелері: осы Ереженің шарттарын, «QINO » сервисінің пайдаланушы келісімін сақтау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында келтірілген талаптарды орындау. Қатысушының Акцияға қатысуы, оның осы Ережемен толық танысқанын және келісетіндігін білдіреді.

8.Ұйымдастырушының міндеттемелері: Ұйымдастырушы Қатысушыға осы Ереже шарттарын сақтаған жағдайда, 30 (Отыз) күнтізбелік күнге «QINO» жазылымына тегін қолжетімділік беруге міндеттеме алады.

9.Акцияның әрбір Қатысушысы осы Ережемен танысқанын және оның талаптарын шартсыз және сөзсіз қабылдайтынын растайды және Акцияның өту кезеңі мен Промо кезең мерзімінде оларды сақтайтынына кепілдік береді, ал Промо кезең мерзімі аяқталғаннан кейінгі қолданылатын шарттарға қатысты – Қатысушы Ұйымдастырушының қызметінен бас тартқанға дейін.

10.Ұйымдастырушы осы Ережеге кез-келген уақытта өзгеріс енгізу құқығын өзінде қалдырады.

11.Ұйымдастырушы еңсеруге күш жетпейтін және Акцияның өтуіне кедергі келтіретін басқа жағдайларда немесе кез-келген себептермен Акцияны мерзімінен бұрын аяқтауға немесе болдырмауға құқылы.