FAQ
QINO – бүкіл әлемдегі үздік ойын-сауықтар біріктірілген видеосервис. Сервис бір қосымша арқылы 200+ канал мен 8 кинотеатрды қамтиды.
Қосымшадан 200 қазақстандық және шетелдік телеканалдар мен 8 онлайн-кинотеатр: Megogo, Start, Wink, Qazaqsha, Tvigle, PlanB, Octagon және ViJu тамашалауға болады.
QINO-мен ең үздіктер қолыңызда болады: Start, Megogo, Wink, Premier, Qazaqsha, Tvigle, Viju, Octagon және PlanB фильмдері мен сериалдары. Бұлар тек контент қана емес – жаңа деңгейде біріктірілген ойын-сауық.
Компромисс пен сапасы төмен пираттық сайттар туралы ұмытыңыз. Біз тұрақты трансляция мен эксклюзив жағдайларды ұсынатын боламыз. Сздің QINO жазылымыңыз ең маңыздыларға қолжетімділік береді және тегін байқап көру мерзімі бар.
Tele2, ALTEL абоненттері үшін
- Жазылымды QINO қосымшасынан рәсімдеуге болады, қосымшаны мына сілтеме арқылы жүктеп алыңыз: https://qino.live/app
- Tele2 және Altel абоненттері үшін жазылымды Tele2, Altel мобильді қосымшасының «Қызметтер» бөлімінен қосуға болады немесе *200# USSD өтінімін теру арқылы.
Басқа байланыс операторының абоненттері үшін (Билайн/IZI/Activ/Kcell )
- Қосымшаны Appstore немес PlayMarker-тен мына сілтеме арқылы жүктеп алыңыз: https://qino.live/app.
- Телефон нөміріңізді жазыңыз, құпиясөз SMS түрінде келеді.
- Тіркелгеннен кейін, жазылымды рәсімдеу үшін банк төлем картасын көрсету қажет.
- Бірінші рет қосылған кезде, 30 күнге тегін байқап көру кезеңі беріледі*.
Маңызды: Банк картасын тіркеу кезінде, тексеріс үшін жүйе 35 теңге алады және бірден картаға қайтарады.
*30 күндік тегін байқап көру кезеңі 17 наурыздан 17 мамырға дейін. Акциялық ұсыныс.
QINO жазылымы айына 2200 теңге.
QINO қосымшасында жазылымды 1 айға рәсімдеу мүмкіндігі бар — құны 2200 теңге, бірінші рет қосу кезінде тегін байқап көру кезеңі беріледі.
Тек Tele2 және Altel абоненттері үшін күнсайынғы жазылым қолжетімді, құны – тәулігіне 100 теңге, бірінші рет қосу кезінде 7 күн тегін байқап көру кезеңі беріледі.
Назар аударыңыз:
Кейбір кинотеатр және каналдар пакеті ALTEL және Tele2 роутерлері тарифінің құнына кіреді. Толығырақ tele2 және Altel сайты, Тарифтер бөлімінде.
QINO – бұл контентті жақсы көретіндерге арналған мегажазылым.
Мұнда барлық жанрдағы 200+ телеканал және 8 белгілі онлайн-кинотеатр: Start, Megogo, Wink, Qazaqsha, tvigle, Viju, Octagon, PlanB бар.
— Smart TV функциясы бар теледидардан — Samsung/LG теледидарлары, қосымшалар дүкені арқылы "QINO" қосымшасын жүктеу арқылы.
— Смартфон/планшеттен — қосымшалар дүкені арқылы (AppStore, GooglePlay) "QINO" қосымшасын жүктеу;
— Жеке компьютер/ноутбуктен — https://qino.live/ сілтемесімен кез-келген web-браузер арқылы.
Әрі қарай, жоғарыда аталған құрылғылардың кез-келгенінде қосымша енгізуге шақырады :
— мобильді телефон нөміріңіз;
— және SMS түрінде алынған төрт таңбалы құпиясөз.
- Tele2/Altel абоненттері үшін Tele2/Altel Операторының мобильді қосымшасы, «Қызметтер» бөлімінен. Қосылған жазылым «Қызметтер» бөлімінде «қосылған» қызметтер ретінде шығып тұрады немесе *200*0# USSD арқылы жазылым тізімінен таңдап, команданы жібересіз.
- Төлем картасын тіркеген басқа байланыс Оператор абоненттері үшін QINO қосымшасынан кез-келген сәтте өшіруге болады. Бұл үшін жазылым бөліміне өтіп, жазылым атауын басасыз, әрі қарай мәзірден «жазылымды автоұзарту», сосын «автоұзартуды өшіруді» таңдайсыз.
- немесе мобильді құрылғының браузерінен https://qino.live/ порталындағы жеке кабинетке кіресіз, «Профиль» белгішесін басып, «Жазылымдар» бөлімін таңдайсыз, әрі қарай Жеке кабинет ашылады, бұдан кейін «Жазылымдарды басқару» мәзіріне өтесіз, «Жазылымды басқару» бөлімі ашылады, осы жерден «Өшіруді» таңдайсыз. Өшіргеннен кейін пайдаланушы оны кез-келген уақытта қайта қоса алады.
Каналдағы құлып бұл канал Сізге қолжетімсіз екенін білдіреді. Сіз төмендегі жағдайлардың біріне тап болмағаныңызды тексеріңіз:
1.Сіз өзіңіздің ақшасы төленген аккаунтқа кірген жоқсыз.
Бұл туралы Сіз кез-келген телеканалды қосқан кезіңізде қосымша келесідей мәтінмен өзі белгі беріп тұрады: «Каналды көру қолжетімсіз. Теледидарды көру үшін өз аккаунтыңызға кіріңіз».
Қосымшаға тіркеліңіз және теледидар көріп демалыңыз :)
2.Көргіңіз келген канал бар пакет қосылмаған немесе бұл канал Сіз қосқан және төленген пакет құрамына кірмейді, бұл жағдайда каналды қосу кезінде, «Көру үшін жазылымды рәсімдеңіз» мәтінімен қате шығады.
— Егер, барлық каналдар бұғатталып қалса — Tele2 ALTEL қосымшасынан пакеттің қосылу статусын тексеріңіз және нөмір теңгеріміндегі баланс жазылым құнын төлеуге жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз;
QINO қосымшасында каналдарды пайдаланушының көру жиілігіне байланысты автоматты түрде іріктейтін жүйе бар. Неғұрлым жиі көретін каналдар автоматты түрде каналдың жоғары жағына шығып тұрады.
Пайдаланушы «Таңдаулы» тізіміне қажетті каналдарды қоса отырып, өз каналдар тізімін құра алады. Таңдалған каналдар әрдайым басты бетте, жарнамалық баннерден төмен бірінші іріктеуде тұрады.
Қосымшаны өшіру жазылым статусына ешқандай әсер етпейді. Жазылымды автоматты түрде өшіру үшін оны https://qino.live/ видео сервис сайтынан немесе QINO мобильді қосымшасынан тоқтату керек.
Өкінішке орай, құқық иесінің хабар тарату шарттарына сәйкес, жүктеу мүмкін емес. Алайда, Бағдарлама каталогында (Catch Up) бұдан бұрын көрген фильмдер мен сериалдар мұрағатын көру және көрген каналдарды қайта айналдырып көру (Time Shift) мүмкіндіктері бар. Көру қолжетімділігін құқық иесі анықтаған.
Мұнда көп нәрсе теледидар өндірушісіне байланысты. Іздеу қосымшаның атауы бойынша жасалады және LG және Samsung-та бұл атау теледидар тіліне байланысты қолданылады.
QINO қосымшасы бір пайдаланушы аккаунтына 1-ден 5 құрылғыға дейін қосуға мүмкіндік береді.
Назар аударыңыз: егер құрылғыңыз үнемі авторизациялауды талап ететін болса, бір уақытта пайдаланылатын құрылғыларды санаңыз. Егер, рұқсат берілген құрылғы саны асып кетсе, артық құрылғылар өшіріледі.
Қызметті өзіңіздің басқа құрылғыңыздан тексеріп көріңіз.
Сосын, абоненттерді қолдау қызметіне хабарласу керек (611), Роутер үшін 5511 — өтінімді қабылдау үшін, қателікті анықтау үшін келесілерді ұсыну керек:
— Авторизациялаудан бастап қате шыққан сәтке дейінгі экранның скриншоты немесе әрекеттің сипаттамасы (құрылғыңыздан күні мен уақытын көрсете отырып)
— нөміріңіз
— құрылығының түрі мен моделі
— қатенің сипаттамасы
Мүмкін болса, мәселеге түсініктеме берілген видеоны ұсыныңыз.
Егер, Сіз QINO-дан контенттерді көруде мәселелер туындаса, келесілерді жасау қажет:
— Сіз ҚР аумағында тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Басқа елдің азаматтарына бұл қосымша қолжетімсіз;
— интернет/мобильді интернет жұмыс жасап тұрғанын тексеріңіз;
— Қосымшада «жазылым» бөлімінен қолданыстағы жазылымыңыз қосылып тұрғанын тексеріңіз;
— Сізде QINO қосымшасында «қалыпты» профиль қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз, өйткені балалар контентінде ересектердің контенті көрінбейді. Бұл үшін қосымшадан профиль баптауларын тексеріңіз (құрылғы мен приставкада — экранның жоғары жағында, SmartTV-де — сол жақтағы мәзірде);
— Егер, жоғарыда айтқандардың бәрі мәселеңізді шешпесе, Сізге Қолдау бөліміне хабарласу қажет (611 немесе 5511) және мәселені толықтай сипаттап көрсеткен және өзіңіздің авторизациядан бастап қате шыққан сәтке дейінгі әрекетіңізді сипаттап көрсеткен өтінім беру керек. Толық аты-жөніңіз, телефон нөмірі, құрылғының түрін көрсету қажет. Мүмкіндік болса, қателікті көрсететін «скриншот»/суреттерді қоса беруге болады.